Олжас Оразалы Гран При турнирінде қола жүлдегер атанды
Парадзюдодан Бакуде өтіп жатқан Әлемдік Гран При турнирінде Олжас Оразалы қола жүлдегер атанды.
<span>60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жарыста 5 кездесу өткізіп, оның 4-еуінде жеңіске жетті. Жарыс нәтижесі бойынша әзербайжандық Ширинли Вугар жеңімпаз атанса, Бельгия спортшысы Алекс Болога екінші орынға табан тіреді. </span>
<span>12-15 мамыр аралығында өтіп жатқан додада Қазақстан намысын 4 салмақ дәрежесінде жеті спортшы қорғауда.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или