Балуандарымыз Қытайда топ жарды
Күрес түрлерінен Қытайдың Сиянь қаласында өткен Азия чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін сәтті аяқталды.
Бұлай дейтініміз, Әсет Серікбаев шәкірттері құрлықтық додада 5 медаль жеңіп алды. Нұрқожа Қайпанов (70 келі) пен Данияр Қайсанов (74 келі) топ жарса, Саятбек Оқасов (65 келі) финалдық жекпе-жекте сүрінді. Ал Ғалымжан Өсербаев (79 кило) пен Ерғали Әлішер (97 келі) қола жүлдегерлер қатарында.
Әйелдер құрамасына бұйырғаны – төрт қола медаль. Алдымен Валентина Исламова мен Марина Седнева үздік үштікке іліксе, келесі күні Айна Теміртасова (65 кило) мен Жәмила Бақбергенова (65 кило) қола медальға қол жеткізді.
Біріншілікті қорытындылаған грек-рим күресінің өкілдері алтынсыз қалды. 67 килоға дейінгі салмақта финалға шыққан Мейіржан Шермаханбет кореялық Рю Хан Суға 1:5 есебімен жол берді. Ал Қорлан Жақанша (55 келі), Демеу Жадыраев (72 келі), Тамерлан Шадукаев (77 келі), Мақсат Ережепов (82 келі), Азамат Құстұбаев (87 келі), Дамир Күзембаев (130 келі) қоланы қанағат тұтты.