Лео Сантана: Қола да жаман көрсеткіш емес

Лео Сантана: Қола да жаман көрсеткіш емес

«Барса» футзал клубының ойыншысы Лео Сантана Prosports.kz тілшісіне УЕФА Чемпиондар лигасы аясындағы «Қайратқа» қарсы матчты қорытындылап берді.

- Бүгін сәтсіз күн болды. Ойынға көңілім толған жоқ. Финалға шықпағанымызға қынжылып отырмыз. Бірінші таймда есепті ашатын үш-төрт мүмкіндігіміз болды. Гол соққанымызда матч тағдыры басқалай болар ма еді. Ал ойынның екінші бөлімі мүлдем басқаша өрбіді. 

- Бас төреші «Барсаның» бір ойыншысына қызыл қағаз көрсетті. Қазы дұрыс шешім қабылдады ма?

- Білмеймін. Бұл сәтті көрмедім.

- «Барсаның» бас бапкері Андреу Пласа алаңның тайғанақ екенін айтқан болатын. Ойын барысында алаң ыңғайсыз болмады ма?

<span>- Шынымды айтайын, бұл маңызды емес. Өйткені «Қайрат» та бізбен бірге бір алаңда ойнады. Бірақ өз кедергісін келтіргені рас. Алдымызда - үшінші орын үшін матч бар. Бар ойымыз сол кездесу туралы болмақ. Чемпиондар лигасының қоласы - жаман көрсеткіш емес.</span>

- Сіздердің келесі қарсыласыңыз - «Интер» ішкі біріншілікте сәтсіз өнер көрсетіп келеді...

- Алматыға жиналған төрт ұжым да мықты. Бәрі бір-бірін жеңуге қауқарлы. Айта кетейін, бүгін алаңдағы атмосфера керемет болды. Алматыны бұрыннан білем ғой. Төрттік финалды да осында өткіздік. Маған өте қатты ұнады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или