Данияр Қайсанов - Азия чемпионатының жеңімпазы
Қазақстандық балуан Данияр Қайсанов еркін күрестен Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
74 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын семейлік балуан ақтық сында <span>үндістандық Амит Кумар Дханкхарды 5:0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.</span>
Қайсанов жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Адам Батыровтен өтті.
Ал жартылай финалға дейін ол моңғолиялық Отгонбаяра Бацуури (8:1) мен өзбек балуаны Артем Присяжнюкті (12:0) айқын басымдықпен ұтқан болатын.<br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или