Данияр Қайсанов Азия чемпионатының финалына шықты

Данияр Қайсанов Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық балуан Данияр Қайсанов еркін күрестен Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 

74 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын семейлік балуан жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Адам Батыровтен өтті.

Данияр жартылай финалға дейін моңғолиялық Отгонбаяра Бацуури (8:1) мен өзбек балуаны Артем Присяжнюкті (12:0) айқын басымдықпен ұтқан болатын.<br /><br />Ал ақтық сында Қайсанов үндістандық Амит Кумар Дханкхармен белдеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или