Қазақстан командасы Азия чемпионатын бесінші орынмен аяқтады

Қазақстан командасы Азия чемпионатын бесінші орынмен аяқтады

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында дзюдодан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін өткен аралас командалық сында қазақстандық дзюдошылар Қытайға жол беріп, қола медалден қағылды.

Бұл кездесуде 4:2 есебімен қытайлық спортшылар жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қазақстан командасы Ширек финалда Тайбейді 4:2 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда Оңтүстік Кореяға 0:4 есебімен есе жіберген болатын.

Кезекті құрлық біріншілігінде Қазақстан жалпы алты медаль жеңіп алды. Жалғыз алтын медаль 66 келіде өнер көрсеткен Ерлан Серікжановтың еншісінде. Ал Елдос Жұмақанов <span>(66 келі) </span>пен Галбадрах Отгонцэцэг <span>(48 келі)</span> күміс жүлдегер атанды.

Бұлардан бөлек, Севара Нишанбаева (57 келі), Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) және Ислам Бозбаевтар (90 келі) қола медальға қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или