Алматыда жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогы аяқталды
Алматыда дзюдодан Қазақстан дзюдо федерциясының құрметті президенті Бекет Сапабекұлы Махмұтовтың құрметіне арналған жасөспірімдер мен жастар арасындағы Қазақстан Чемпионаты аяқталды. Жарыстың бірінші күнінде 6 елдан 224 жасөспірім дзюдошы белдессе, екінші күні 7 елден 186 жас спортшы өзара мықтыны анықтады.
Нәтижесінде, жасөспірімдер арасында өткен жарысты Қазақстан құрамасы 11 алтын, 10 күміс және 20 қола жүлдемен медаль кестесінде көш бастады. 3 алтын, 4 күміс, 5 қола жүлдемен Өзбекстан құрамасы екінші орынға жайғасса, 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдеге ие болған Қырғызстан құрамасы үздік үштікті аяқтады.
Айта кетерлігі, Алматы қаласында өткізілген Азия кубогы дзюдодан жасөспірімдер арасында өтетін Әлем чемпионатының алдыдағы даайындық турнирі болды. Себебі, 25-29 сәуір күндері Алматыда жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтеді.
Жарыстың екінші күнінде татамиге жастар шығып, 14 салмақ дәрежесінде жүлдені сарапқа салды. 8 алтын, 8 күміс, 16 қола жүлдемен Қазақстан бірінші орынға шықса, Өзбекстан командасы 2 алтын, 1 күміс, 2 қоламен екінші орынды місе тұтты. Қырғызстан құрамасының жастары 1 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде үшінші орынға жайғасты.
Жастар арасында өткен Азия Кубогының нәтижесі келесідей:
Қыздар:
-48 кг
1. Кимё Марасулова (Өзбекстан)
2.Багул Нурияева (Түркіменстан)
3.Анастасия Кутерина (Ресей)
3.Жанерке Асқарова (Қазақстан)
-52 кг
1. Ақжол Қайыпхан (Қазақстан)
2.Диана Хан (Қырғызстан)
3.Мария Чернишева (Ресей)
3.Нұрсұлу Ералиева (Қазақстан)
-57 кг
1. Меруерт Сарсенова (Қазақстан)
2.Нұржамал Жарманова (Қазақстан)
3.Жансая Аманбаева (Қазақстан)
3.Мария Илюшкина (Ресей)
-63 кг
1. Зарина Сарипова (Қазақстан)
2. Гүлзада Алмаз (Қазақстан)
3.Саёра Мирзахметова (Қазақстан)
3.Кристина Сотникова (Қазақстан)
-70 кг
1.Ақерке Құлаш (Қазақстан)
2.Анастасия Маякова (Қазақстан)
3. Аян Амзе (Қазақстан)
3. Аяла Мереке (Қазақстан)
-78 кг
1. Маргарита Гриценко (Қазақстан)
2.Арайлым Оразбай (Қазақстан)
3. Аруна Жангелдина (Қазақстан)
+78 кг
1.Рината Илматова (Өзбекстан)
2.Арайлым Абенова (Қазақстан)
3.Ақерке Рамазанова (Қазақстан)
3.Ақнұр Ашиммырза (Қазақстан)
Ұлдар:
-60 кг
1. Сухбат Биямбасурен (Моңғолия)
2.Кубанычбек Айбекуулу (Қырғызстан)
3. Болат Білал (Қазақстан)
3. Шерзод Давлатов (Қазақстан)
-66 кг
1.Дастан Шаяхметов (Қазақстан)
2.Кемелбек Молдаш (Қазақстан)
3.Нұрзат Сәлімбаев (Қазақстан)
3.Ермек Амангелді (Қазақстан)
-73 кг
1.Бексұлтан Дүйсенов (Қазақстан)
2.Бауыржан Қасым (Қазақстан)
3.Айбар Мукушев (Қазақстан)
3.Егор Радинов (Ресей)
-81 кг
1.Адиль Мирзаев (Қырғызстан)
2. Жалолиддин Курбанмурадов (Өзбекстан)
3. Сергей Скоробогатов (Ресей)
3.Нурбек Ортай (Қазақстан)
-90 кг
1. Васили Таранов (Ресей)
2. Бексұлтан Ануарұлы (Қазақстан)
3. Сардор Хуррамов (Өзбекстан)
3.Жандос Болагаш (Монголия)
-100 кг
1.Бекарыс Садуақас (Қазақстан)
2.Ильдар Ихсанов (Ресей)
3.Нұрлыхан Шархан (Қазақстан)
3.Чингизхан Шокиров (Өзбекстан)
+100 кг
1.Бибарыс Әбдіғани (Қазақстан)
2.Ильяс Калидолда (Қазақстан)
3.Дастан Сарбатов (Қазақстан)
3.Нодар Багаев (Ресей)