Дзюдошыларымыз Еуропа кубогында топ жарды
Италияның Линьяно қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа Кубогы өз мәресіне жетті.
Дзюдодан Қазақсан Республикасының жастар (қыздар) құрама командасы тәп-тәуір нәтиже көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді. 48 келіде белдескен Ғалия Тынбаев қарсылас шақ келтірмей, финалда отандасы Акмарал Науатбекпен кездесті. Бұл белдесуде Ғалияның мерейі үстем болды. Сондай-ақ 70 келідегі Мөлдір Нарынова үздік үштіктен көрінді.
Айта кетейік, Дзюдодан Қазақсан Республикасының жастар (қыздар) құрамасын Арсен Хатип пен Нұрбек Мықтыбеков жаттықтырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или