Галбадрах Отгонцэцэг ел қоржынына алғашқы жүлдені салды
Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран При жарысында қазақстан палуан Галбадрах Отгонцэцэг финалда сүрінді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
48 келіге дейінгі салмақта белдескен қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг жартылай финалда Милиса Николикті жеңіп, жарыстың финалына шықты. Ақтық финалда отандасымыз косовалық Дистрия Красникимен белдесіп, жеңіліс тапты.
Осылайша, Галбадрах Отгонцэцэг ел қоржынына алғашқы жүлдені салды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или