Асхат Уәлиханов АҚШ-та жеңіліске ұшырады

Асхат Уәлиханов АҚШ-та жеңіліске ұшырады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Асхат Уәлиханов (4-1-0, 2 KO) алтыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Филадельфияда (АҚШ) өткен бокс кешінде шаршы алаңға шыққан Уәлиханов <span>Пуэрто-Рико елінің 27 жастағы боксшысы Хосе Лопеске (11-1-0, 9КО) есе жіберді. </span>

Бірінші жартылай орташа салмақ санатында (63,5 келі) өткен жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған еді, алайда жетінші раундта <span>техникалық нокаут тіркелді. </span>

<span>Осылайша, 28 жастағы Уәлиханов кәсіпқой мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырап отыр. Ал қарсыласы 12 рет жеңіске жетті. Оның тоғызы нокаутпен.</span>

<span>Айта кетейік, бұл кездесу Гвоздик-Нгумбу жекпе-жегінің андеркардында өтті.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или