Еуропа чемпионы Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты

Еуропа чемпионы Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты

Орта салмақта Еуропа чемпионы Камил Шеремета қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтаспайды.

Бұл туралы польшалық боксшының промоутері Анджей Василевский мәлімдеді. Геннадий Головкиннен бөлек Камил Шереметаға WBC уақытша чемпионы Джермалл Чарломен жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс түскен. Алайда ол әзірге мұндай жоғары дәрежедегі жекпе-жектерге дайын емес екенін жеткізген.

Айта кетейік, 29 жастағы америкалық боксшы Брэндон Адамс қазақстандық Геннадий Головкиннен ұсыныс түскенін мәлімдеген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или