русский язык
Күрес

Дзюдо. European Open Men. Имашев - алтын, Қырғызбаев - қола медаль иеленді!

Дзюдо. European Open Men. Имашев - алтын, Қырғызбаев - қола медаль иеленді!

Дзюдодан Прагада өтіп жатқан ерлер арасындағы European Open турнирінің бірінші жарыс күні аяқталды. Алғашқы ойын күнінде спортшылар 60, 66 және 73 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтады.

60 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшы Айбек Имашев финалда белоруссиялық Арифа Багировты ұтып жарыстың алтын медальін иеленді. Тағы бір жерлесіміз Гумар Қырғызбаев үшінші орынға кездесуде испандық Хоакин Гомес Хименодан басым түсіп, қола медаль еншіледі. 
 
66 келіде Елдос Жұмақанов, Жансай Смағұлов пен Бағдаулет Сабитов үлкен нәтижеге қол жеткізе алмады.
 
73 келі салмақта Арман Махамбетов жартылай финалда итальяндық Энрико Парлатиден айласын асыра алмады. Ал, Ғалымжан Әбдірахманов, Бекзат Манасбаев пен Қайрат Ағыбаев екінші айналымнан өте алмады.  
 
60 келі
1. Айбек Имашев (Қазақстан)
2. Ариф Багиров (Беларусь)
3. Гумар Қырғызбаев (Қазақстан)
3. Ованес Давтян (Армения)
7. Аманхан Оскембаев (Қазақстан)
 
66 келі
1. Элио Верде (Италия)
2. Дмитрий Шершан (Беларусь)
3. Яспер Лефевр (Бельгия)
3. Бенце Замбори (Венгрия)
 
73 келі
1. Сошин Кацуми (Германия)
2. Алексей Романчук (Беларусь)
3. Сами Шуши (Бельгия)
3. Андреа Реджис (Италия)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;