Атыраулық спортшы xалықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды

Атыраулық спортшы xалықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды

Польша елінің Марки қаласында 22 – 24 наурыз күндері 2010 жылы туылған жасөспірім ұл-қыздар арасында дзюдодан Same judo Cup 4 Халықаралық турнирі өтті, деп xабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Әлемнің 20-дан астам мемлекетінен 1250 спортшылар қатынасқан жарыста Қазақстан құрамасы қатарында Атырау обылысы Исатай аудандық «БАРЫС» балалар жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірті Жұмажан Інжу 28 кг салмақ дәрежесінде боз кілемге шыққан болатын.

Алғашқы белдесуін Германия елінен келген қарсыласына ескерту әдісі бойынша есе жіберген.

Кейінгі белдесулерінде Франция, Польша, Румыния елдерінен келген қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып, ІІІ орын үшін болған белдесуде жарыс қожайыны Польша елінің спортшысын таза жеңіспен ұтып жарыстың қола жүлдегері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или