Футбол деген бір ғажап!

Депутаттарға жауап

Депутаттарға жауап
news-banner7
mobile-news-top

Осы жылдың басында 13 депутат Қазақстан Республикасының бұрынғы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдаған. Онда көптеген жыл бойы отандық футбол жанкүйерлерінің көкейінде жүрген бірнеше сұрақ қарастырылған, деп жазады prosports.kz.

Мәжіліс депутаттары футболға көп ақша жұмсалатынына наразылық білдірді. Оның үстіне бұл ақшалар тиімсіз пайдаланылып отырғаны айтылды. Депутаттық сауалға қол қоюшылар мынадай нақты талаптар ұсынды. Біріншіден, депутаттар футбол клубтарының шығындарының бірыңғай нормативін белгілегісі келеді. Екіншіден, отандық жас футболшыларды даярлау үшін шетелдік мамандарды тарту мәселесі. Үшіншіден, легионерлер санын азайту және отандық жас футболшыларға мүмкіндік беру. Ең маңызды футбол командаларының бюджеттерін жоспарлау мен жұмсаудың негізділігін тексеруді, сондай-ақ, шетелдіктер алдында пайда болған берешектің себептерін анықтауды талап етті.

Жаңа Премьер-министр Асқар Мамин депутаттардың сауалына жауап берді. Бірақ, Үкімет басшысының жауаптарынан көтерілген мәселелерді реттейтін нақты ұсыныстарды анықтау мүмкін болмай отыр.

Сонымен, Асқар Мамин футбол клубтарының шығындарының бірыңғай нормативін белгілеу жайлы:

«Қазіргі уақытта ұлттық футбол командалары жергілікті бюджет пен демеушілік қаражат есебінен қаржыландырылады. Бұл ретте өңірлердің ерекшелігін, олардың экономикалық жай-күйін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар, салалардың даму басымдықтары негізінде өздерінің футбол клубын қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат мөлшерін өздері белгілейді», - деді.

Ал отандық жас футболшыларды даярлау үшін шетелдік мамандарды тарту мәселесіне байланысты:

«Шетелдік бапкер мамандарды тарту - әлемдік футболда жалпы қабылданған тәжірибе. Осыған байланысты кәсіби клубтар үшін іріктеу жұмысын жүргізу мақсатында «Оңтүстік» (Шымкент) және «Қайрат» (Алматы) футбол академияларында Испания мен Германияның шетелдік бапкерлері жұмыс істейді. Одан бөлек, Премьер-Лига мен Бірінші лигада өнер көрсететін өңірлік командалардың көбі шетелдік бапкерлер мен мамандардың қызметін пайдаланады», - дейді Үкімет басшысы.

Премьер-министр легионерлер мәселесіне де көңіл бөліп отырғанын айтты.

«Шетелдік футболшыларды кәсіби клубтарға тарту кең таралған әлемдік тәжірибе. Шетелдік футболшылар өз елдері футболының элементтерін алып келіп, қазақстандық футболды жетілдіре түседі, ол қазақстандық футболшыларға әлемдік тәжірибеден тек жақсысын алуға мүмкіндік береді. Мәселен, Голландия және Италияда легионерлерге шектеу жоқ. Францияда тек 4 қана легионер шақыра алады. Қазақстандық Премьер-Лигада әр клуб маусымға 8 шетелдік ойыншы тіркей алады, алаңда бір уақытта 6 ғана ойыншы бола алады. Ресейде де легионерлер саны бойынша тәжірибе осындай», - деді Асқар Мамин.

Сондай-ақ шетелдіктер алдында пайда болған берешектің себептерін анықтау мәселесі бойынша сауалға да жауап берді.

«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 211-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар өз борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен өздері жүзеге асырады. Борыштар футбол клубтарын бюджеттеу кезінде жылдың басында, сондай-ақ демеушілер тарапынан аз қаржыландырумен байланысты пайда болады. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша футболшылар мен мамандар алдындағы берешектер өтелген. Одан басқа футбол командаларының бюджеттерін жоспарлау мен жұмсау жергілікті атқарушы органдардың құзырында болғандықтан, футбол клубтары қаражатты пайдалану бойынша есепті жергілікті органдарға ұсынады», - деді Үкімет басшысы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер