Ерасыл Қажыбаев - Гран При жарысының күміс жүлдегері
Қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Мароккода өтіп жатқан Гран При жарысының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды prosports.kz.
100 келі салмақ санатында өнер көрсететін Қажыбаев финалда германиялық спортшы Свен Хейнлден жеңіліп қалды.
Ол финалға дейін украиналық Федор Панко, Сенегал спортшысы Мбагник Ндиайе және Румыния балуаны Владут Симонескуден басым болған.
Айта кетейік, бұған дейін Ерлан Серікжанов (66 келі) Гран-при кезеңінің қола жүлдегері атанған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или