Ерлан Серікжанов Мароккода қола медаль жеңіп алды

Ерлан Серікжанов Мароккода қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов Мароккода өтіп жатқан Гран При жарысының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды prosports.kz.

Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметінше, ол жұбаныш финалында өзбекстандық спортшы Шахрам Ахадовты жеңген.

66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ерлан <span>Серікжанов </span>жарыс барысында 5 кездесу өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті.

Алғашқы қарсыласы испаниялық Даниель Перез Романды, екінші белдесуінде сербиялық Страхиния Бунцикті жеңді. Ширек финалда Италия спортшысы Пираз Маттеоны ұтып, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда египеттік Абдельмаугоуд Мохамедке есе жіберіп, жарыстың қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.

Айта кетейік, бұл турнирге еліміз атынан 19 спортшы қатысып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или