Италияда Қазақ күресі федерациясы құрылды

Италияда Қазақ күресі федерациясы құрылды

Италияда Қазақ күресі федерациясы ашылды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Джорджи Витторио есімді италиялық балуан Қазақстандағы федерацияға хабарласқан.

«Джорджи Витторионың өзі жекпе-жекпен, дзюдомен, белкүреспен, сондай-ақ өзбектің курашымен айналысады. Біздің Қазақ күресі туралы естіп, видеосын көргеннен кейін қатты қызықты.

Қазірдің өзінде Италияда Қазақ күресі федерациясын ашып отыр. Енді бүгінгі таңда семинар өткізу үшін бізден төрешілер мен нұсқаушыларды сұрауда».

«Польшада Еуропа чемпионаты 9 салмақ бойынша (8 салмақ және абсолют) өтеді. Польша, Гүржістан, Ресей, Литва, Латвия, Армения елдерінің балуандары нақты келетіндерін айтып отыр. 17 төреші төрелік етеді. Оның жартысы - шетелдік», - дейді ол.

Еске сала кетсек, Қазақ күресі федерациясы былтыр Иранда да құрылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или