Футзал

ҚФФ: Футзал мен футбол құрамасының ойыншыларына сыйақылар беріледі

ҚФФ: Футзал мен футбол құрамасының ойыншыларына сыйақылар беріледі
news-banner7
mobile-news-top

ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин Prosports.kz сайтына берген сұқбатында футболдан және футзалдан ұлттық құрама ойыншыларына берілетін сыйақы туралы айтты.

– Бізде ірі турнирлерге бірде-бір мәрте жолдама алмаған футболдан ұлттық құраманың ойыншылары бір жолдастық матч үшін 10 мың мен 30 мың доллар арасында сыйақы алады деген ақпарат бар. Ал Еуропа мен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен футзалшыларымыз 2-3 мың доллар ғана алады екен. Бұл рас па?

– Үлкен футболға қатысты ақпарат шындыққа жанаспайды. Футзалда көп болмаса да сыйақы бар. Ұлттық құрамаға шақыртылған әрбір футболшы ақша үшін емес, намыс үшін ойнайтынын естен шығармауымыз қажет. Сәтті ойыннан соң футболшылармен сөйлесіп, қуанышымызды бөлісеміз. Жеңілген кезде оларды жігерлендіруге тырысамын. Олар ешқашан сыйақы туралы сұраған емес. Әрине, қуанышты сәтте сыйақының мөлшерін айтып жіберуіміз мүмкін. Футболшының ғұмыры қысқа емес пе. 20 жасынан әрі кетсе 35-ке дейін жоғары дәрежеде ойнай алады. Бұл тым аз ғой! Осы аз уақыттың ішінде өзіне қажетті ақша табу керек. 30 жастан кеійн көп футболшылар ешкімге қажет болмай қалады, - деді Азамат Айтқожин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер