Ресейлік файтер атыс кезінде қаза болды

Ресейлік файтер атыс кезінде қаза болды

Аралас жекпе-жек шебері Ахмед Гасанов атыс кезінде оққа ұшып, қаза тапты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sport.Rambler порталына сілтеме жасап. 

23 ақпан күні Ивановский облысындағы Тейково қаласындағы кәуәпханалардың бірінде 30 жастағы файтер мен белгісіз біреу арасында қақтығыс орын алған. 

Жаппай қақтығысқа ұласқан төбелесте қарсыластың бірі тапаншаны алып, Гасановқа оқ жаудырған. 

Басынан, кеудесінен және қолынан жарақат алған аралас жекпе-жек шебері оқиға орнында қаза тапты.

«Біздің команданың экс файтері қаза тапты. Айтқымыз келгені артын біліп болмайтын оқиғаларға қатысудан аулақ болыңыздар дегіміз келеді. Абай болып жүріңіз, сізді отбасыңыз және достарыңыз күтеді. Төбелескілеріңіз келсе, рингке шығыңыздар», — дейді Гасанов айналысқан клубтың басшылығы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или