Күрес

Еркін күрестен ел құрамасы ОЖЖ өткізді

news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан командасы Алматы облысындағы АІВА базасында бірлескен оқу-жаттығу жиынын аяқтады деп хабарлайды Olympic.kz.

АІВА академиясында өткен жаттығу жиынына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Литва ұлттық құрамалары қатысты.

«Шымкенттегі ел Спартакиадасы аяқталған бетте-ақ жаттығу жиындарын бастап кеттік. Жиынға бес ел спортшылары қатысып, балуандар бір-бірімен тәжірибе алмасты. Жыл басында шетелдіктермен бірлесіп дайындық өткізу спортшылар үшін де қолайлы. Болашақ қарсыластарының қыр-сырын біліп, шеберліктерін арттыра түседі. Енді біз Болгарияда өтетін халықаралық турнирге аттанамыз», - дейді еркін күрестен команда бас бапкері Әсет Серікбаев.

Еске сала кетейік, күрес түрлерінен Қазақстан командасы 27 ақпан - 4наурыз аралығында Болгарияның Русе қаласында өтетін "Dan Kolov-Nikola Petrov" турниріне қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер