Михаил Кукушкин Марсельде ширек финалға шықты

Михаил Кукушкин Марсельде ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Марсельде (Франция) өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Отандасымыз екінші айналымда Канада спортшысы Денис Шаповаловты жеңді. 

1 сағат 25 минутқа жалғасқан кездесу 6:4, 7:6 (7:4). есебімен аяқталды. 

Жартылай финалға өту үшін Кукушкин Маттео Берретини / Андрей Рублев жұбының жеңімпазымен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или