Дюссельдорфтағы «Grand Slam» додасына қатысатын дзюдошылар тізімі

Дюссельдорфтағы «Grand Slam» додасына қатысатын дзюдошылар тізімі

22-24 ақпан күндері Германияның Дюссельдорф қаласында дзюдодан халықаралық «Grand Slam» турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Аталған жарысқа 97 елден 683 татами шебері қатысады деп жоспарланған. Қазақстан намысын 14 дзюдошы қорғайды.

Ерлер:

Мағжан Шамшадин (-60 кг)

Рустам Ибраев (-60 кг)

Есет Қуанов (-66 кг)

Ғұмар Қырғызбаев (-66 кг)

Нұрлан Оразалин (-73 кг)

Бекәділ Шаймерденов (-73 кг)

Қажымұқан Өтеулиев (-81 кг)

Азиз Қалқаманұлы (-90 кг)

Ерсұлатан Мұзаппаров (-90 кг)

Айбек Серікбаев (-100 кг)

Виктор Демьяненко (-100 кг)

Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Әділ Оразбаев (+100 кг)

Қыздар:

Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг)

Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес «Grand Slam» турнирінің жеңімпазы атанған дзюдошыға әлем рейтингінде 1000 ұпай, күміс жүлдегерге – 700, ал қола жүлдегерге 500 ұпайдан қосылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или