Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында екі медаль иеленді
Қазақстандық дзюдошылар Римде өткен Еуропа кубогында бір күміс және бір қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Екі медаль да 60 келіге дейінгі салмақта түсті. Дәурен Сүйкенов финалға шыққан, алайда әзірбайжандық спортшыдан ұтылып қалды.
Ал Бауыржан Жауынтаев жұбаныш белдесуінде украиналық Бекирбек Моргоевты, кейін моңғолиялық Арюнболд Энхтайванды ұтты.
Ерлан Жақсыбеков (66 кг дейін), Еламан Қойшыбаев (81 кг дейін) және Еркебұлан Абдулла (100 кг жоғары) жүлдеге бір қадам қалғанда сүрінді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или