Дзюдо: Қазақстандық балуандар күміс пен қола ұтты

Дзюдо: Қазақстандық балуандар күміс пен қола ұтты

<span>Рим қаласында өтіп жатқан дзюдодан ерлер арасындағы Еуропа кубогында Қазақстан қоржынына бір күміс және қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.</span>

<span>Еуропа кубогында 60 келіде финалға шыққан Дәурен Сүйкенов күміс медальды қанағат тұтты. Ол ақтық сында әзірбайжандық Оруж Вализадаға есе жіберіп қойды. Бауыржан бүгінгі жұбаныш финалында моңғолиялық Энхтайван Арюнболдты қосымша уақытта иппонмен жеңді. </span>

<span>66 келідегі Ерлан Жақсыбеков 5-орынмен аяқтады. Ол жұбаныш финалында испаниялық Даниел Роман Перезге есе жіберді. </span>

<span>Айта кетерлігі, аталмыш жарысқа ел құрамасы сапында 22 балуан қатысты.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или