Ислам Бозбаев - Парижде өткен Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері

Ислам Бозбаев - Парижде өткен Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері

Франция астанасы Парижде өткен дзюдодан «Grand Slam» турнирінде ел қоржынына үшініш медаль түсті, деп хабарлайды prosports.kz.

<span>Финалда белдескен дзюдошымыз Ислам Бозбаев (90 келіге дейін) Оңтүстік Корея спортшысы Гвак Донг Ханға есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдегері атанды. </span>

<span>Сенбі, 9 ақпанда Галбадрах Отгонцецег 48 келі дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленді. Ал Елдос Сметов (60 келіге дейін) күміс жүлде алды. Ол ақтық сында жапониялық Наохис Такатодан жеңіліп қалды.</span>

<span>Қазақстан құрамасы үшін алтын медаль алудың соңғы мүмкіндігі Ислам Бозбаевта еді. Алайда ол да жеңіліске ұшырады.</span>

Осыған дейін, Руслан Мұсаевтің қола медаль үшін күресте ресейлік Алан Хубецовке есе жібергенін жазған едік. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или