«Grand slam» турнирі: Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль иеленді

«Grand slam» турнирі: Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль иеленді

Парижде дзюдодан «Grand Slam» турнирінің финалдық бәсекелері өтіп жатыр.

Қазақстан қоржынына алғашқы медальді Галбадрах Отгонцэцэг салды деп жазады Olympic.kz.

48 келіде белдескен Галбадрах алғашқы айналымда түркиялық Бедер Тукчені «ваззари» әдісімен жеңді.  Екінші айналымда жапониялық Хироми Эндені жеңген біздің спортшы франциялық Мелани Клементтен ескерту санының көптігіне байланысты ұтылып қалды.  Галбадрах Отгонцэцэг жұбаныш белдесуінде Оңтүстік Корея спортшысын, қола медаль үшін өткен кездесуде Моңғолия балуанын жеңіп, жылдың алғашқы ресми жарысында үздіктер қатарына енді.

Ақпарат көзі: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/295529-grand-slam-turniri-galbadrakh-ottsgontsetseg-ola-medal-ielendi

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или