Күрес

Еркін күрестен финалға өткен балуандар белгілі

news-banner7
mobile-news-top

Шымкентте күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан Спартакиадасының төртінші жарыс күні аяқталуға жақын. Бүгін еркін күрестен бес салмақ дәрежесі бойынша финалға өткен балуандар белгілі болды деп хабарлайды Olympic.kz.

57 келіде алтын жүлдені Акбар Құрбанов (Алматы облысы) пен Мейрамбек Қартбай (Ақтөбе облысы) сарапқа салады.

61 келіде ұлттық құрамадағы тәжірибелі балуан Расул Қалиев (ШҚО) пен шымкенттік Бауыржан Төребек кім мықтыны анықтайды.

74 келіде 2016 жылы Будапештте өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, астаналық Нұрлан Бекжанов пен 2018 жылғы Азия ойындарының финалисі Данияр Қайсанов (ШҚО) кездеседі.

79 келіде Олимпиада ойындарының қатысушысы Ғалымжан Өсербаев (Қызылорда облысы) пен Шамил Муртазов (Қарағанды) финалға дейін сүрінген жоқ.

97 келіде Әлішер Ерғали (Алматы) мен Бақдәулет Әлментай (Шымкент) арасында финалдық белдесу өтеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі ертең анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер