Қазақстандық дзюдошы European Open жүлдегері атанды

Қазақстандық дзюдошы European Open жүлдегері атанды

Софияда European Open Women сериясындағы халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирге 28 елден 177 спортшы қатысты. Қазақстанның намысын 14 дзюдошы қорғады.

Біздің команда сапынан Ақмарал Науарбек қана медаль еншілей алды. Ол 48 келіге дейінгі салмақта қола жүлде иеленді. Ол шешуші жекпе-жекте германиялық Катарина Танцерді ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или