Дзюдошыларымыз «Grand Slam» жарысына дайындалып жатыр

Дзюдошыларымыз «Grand Slam» жарысына дайындалып жатыр

Дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасы Парижде өтетін «Grand Slam» әлемдік турниріне қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеп.

Алматы облысы, Жаңашар селосында орналасқан Олимпиадалық даярлау орталығында бүгінде 65 спортшы, 11 жаттықтырушы жаттығуда.

Ақпанның 1-іне басталған жаттығу жиынына Ақтөбе, Маңғыстау, Атыраау, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан облысы мен Алматы және Шымкент қалаларынан таатами шеберлері қатысып жатыр. Жаттығу жиыны ақпанның 6-сына дейін жалғасады.

Айта кетейік, 9-10 ақпан күндері Франция астанасы Париж қаласында дзюдодан «Grand Slam» турнирі өтеді. Оған Қазақстан құрамасынан 15 спортшы қатысады деп жоспарланған. Аталмыш турнир Қазақстан ерлер ұлттық құрамасы үшін 2019 жылдың алғашқы жарысы болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или