Хабиб Нурмагомедов: Уәде бергенімдей, Қарағандыдағы балалар үйіне бардым
Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов Қарағандыдағы «Тан Шолпан» балалар үйінде қонақта болды, деп жазады Prosports.kz сайты.
Қаңтар айының басында ресейлік спортшы Instagram парақшасында кейбір жанкүйерлерінің арманын жүзеге асыруға уәде еткен. Сол кезде, 26 жастағы қарағандылық азамат Александр Корогодов Хабибті балалар үйінің тәрбиленушілерімен кездесуін өтінген.
Хабиб Нурмагомедов қазақстандық азаматтың өтінішін қабыл алып, бүгін Қарағандыға атбасын бұрды.
<span>«Саняға уәде бергенімдей, Қарағандыға келіп, балалар үйінде болып қайттым. Сондай-ақ, оған өзімнің өмірбаянымды табыстадым. Өзі қалағанда бәрі тыныш әрі құпия болып өтті. Ең бастысы - балалардың көңілінен шықты. </span><span>Олардың әр ісіне құдай өзі жарылқасын», - деп жазды Хабиб Нурмагомедов Instagram парақшасында.</span>