«Сүт сатып алғанмын, жиіркенішті бір нәрсе болып шықты»

«Сүт сатып алғанмын, жиіркенішті бір нәрсе болып шықты»

Астаналық «Барыстың» канадалық хоккейшісі Кертис Волк Қазақстан мен АҚШ-тың мәдениеті туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның сөзінше, Волк елдің ұлттық тағамдары туралы біледі, алдағы уақытта жергілікті мәдениетпен жақынырақ таныспақ.

«АҚШ пен Канадада адамдар ашық болып келеді. Ал Қазақстанда айналадағы адамдар саған күліп қарамайды. Бірақ көшеде бір нәрсе сұрау үшін тоқтатсаң, олар көмектесуге тырысады. Бұл күлкіден де маңыздырақ деп ойлаймын.

Елдің тарихы туралы білетінім көп емес. Мұндағы халық көшпенді болған, киіз үйлерде тұрғанынан хабардармын.

Бешбармақтың не екенін білемін, әр порциясы үлкен болып келеді. Бірақ оны жеп көрмедім, десе де, жақын арада дәмін татамын. Қымыз ба? Бірде дүкенде сүт сатып алғанмын, дәлірек айтқанда, ол сүт деп ойладым. Бірақ жиіркенішті бір нәрсе екен. Ха-ха. Мүмкін, сол қымыз болған шығар», - деді Волк ресейлік басылымға берген сұқбатында.

Осы маусымда ҚХЛ-да Кертис Волк 50 матчқа қатысып, 27 (9+18) ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или