Жеңіс Махашывпен сұхбат

Жеңіс Махашывпен сұхбат

Бүгін біз Қазақстанның еркін күресінін мектебіне,  яғни Еркін күрестің Академиясының дәл ортасына кіріп, оның жетекшісімен Жеңіс Махашевпен  бірге сұхбаттасатын боламыз.

-Сәлеметсіз бе! Еркін күрес Академиясының ерекшелігі неде, оның басты мақсаты қандай?

-Сәлеметсіз бе! Еркін күрес Академиясы 2017 жылы, Алматы қаласында ашылған.  Академияның басты мақсаты-еркін және грек-рим күресінен Әлем және Олимпиада ойындарының жеңімпаздарын дайындау. Бүкіл Қазақстанның әр аумағынан жиналған ең мықты спортшылары осы жерде  еркін күрестін қыр-сырын меңгеріп жатыр. Академия барлық жаттығуларға қажет жабдықтармен толық қамтылған. Осында жатақхана, спортшыларға арнайы тағам әзірленетін асхана, екі жаттығу залы бар. Орналасқан жеріміз де өте ыңғайлы: қаланың дәл ортасында,"Меркурий-Медет"емдік -сауықтыру кешені.  Тәуелсіз Қазақстанның  тарихында бұрын сонды Еркін күрес Академиясы ашылған жоқ, сондықтан біз Отанымыздың атын бүкіл әлемге дүрліктіру үшін барлығын жасауға тырысамыз.

-Спортшылардың жасы нешеде? Еркін күрес Академияға түсуі үшін спортшы қандай қасиеттермен иемдену керек?

-Біздің Академиямыз жиырма бес жасқа дейінгі жастарға арналған, яғни осында 1993 жылдан бастап туған спортшылар үйреніп жатыр. Қазақстанның әр бір қаласында спорт интернаттары мен колледждері бар,бірақ колледждердін саны жеткіліксіз. Колледжге түспеген, әлеуметтік жағдайы төмен жастар Академияда оқуға мүмкіндік алады. Менің ойымша, осындай мүмкіндік жастарға зор пайдасын тигізеді, өйткені олар өзіне ұнайтын іспен айналысып жүр, өз білімдердін деңгейін арттырады.

-Дайындық қалай өтеді?

-Жаттығулары күнделікті түрінде өтеді. Спортшылардың басты міндеті- жалқаулыққа қарсы тұру,өзінде еңбексүйгіштікті және күреске қадірін тәрбиелеу. Мен Академияда қазаннан бастап жұмыс істеймін. Мен жаттықтырушысы ретінде спортшыларға үнемі көмектесуге,бар білімін беруге тырысамын,өйткені менің жүрегім олармен бірге лүпілдеп отыр. Біздің Еркін күрес Академиямыздан болашақ Олимпиада  ойындарының шығатынына сенемін!

Ульяна Бакулина мен Жеңіс Махашев

-Академия өз атынан жарыстарды өткізе ме?

-Әзірше жоқ, өткізуге тырысамыз. Қыркүйекте Балуан Шолақ спорт сарайында Халықаралық жолдастық кездесуі өтті. Осы кездесуде біздің Академияның спортшылары Америка Құрама Штаттармен,Ресеймен, Өзбекстанмен, Украинамен күш сынасқан (Қазақстанда алтыншы орын).

-Академияда қандай танымал спортшылары жұмыс істейді ?

-Еркін күрестен жоғарғы деңгейін көрсеткен барлық спортшылары Академияда жұмыс істейді. Мысалы Дәулетбеков Азамат, Санаев Артас,Ниязбеков Дәулет.

-Өзініздің спорт жетістіктерініз туралы айтып берсеңіз.

-Мен еркін күреспен жетінші сыныптан бастап айналысып жүрмін. Халықаралық дәрежедегі төрешімін.

-Жалпы тәжірибиеңіз қанша жыл?

-Спортшы ретінде -он жыл, бапкер ретінде-  он үш жыл.

-Сізге не қиынырақ болды: спортшы ретінде жұмыс істеу,әлде бапкер ретінде ме?

-Спортшының жұмысында да, бапкердің де қиын жерлері бар. Мысалы, бапкерлер өз отбасын көрмейді деуге де болады, өйткені олар әрдайым оқушымен бірге жүруі тиіс.

-Академияда шет елдерден шақырылған қанша жаттықтырушылары жұмыс істеп отыр?

-Мысалы,  желтоқсан айына дейін бізде ресейлік спортшы Әлемнің бес дүркін жеңімпазы, Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері Хаджимурат Гацалов жұмыс істеді. Содан кейін ол өз туған жерінде Осетияда депутат болып сайланды. Казір Ұлттық командасының жаттықтырушысы Аслам Байболов,бас жаттыктырушысы Серікбаев Хамит

-Академияның құрылуына қандай танымал спортшылар зор үлес қосқан?

-Еркін күрес Федерациясының вице-президенті Қожасбаев Ерлан Сәдуақасұлы. Осы кісінің көмегі арқасында Еркін күрес Академиясы ашылды.

-Академияның ең мықты, мақтануға болатын спортшылар кімдер?

-Жұма Ілияс- Азия чемпионатының жеңімпазы, Дәулетбеков Азамат-Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Жалпы айтқанда, Академияның тоқсан пайызы-Қазақстанның спорт шеберлері.

-Біз де Еркін күрес Академиясының спортшылары болашақта Қазақстанның туын көкке жеткізетінін сенеміз!Сұхбатыңыз үшін рақмет!

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или