Де ла Хойя: Альварес пен GGG-дің үшінші кездесуі өтетініне күмән жоқ

Де ла Хойя: Альварес пен GGG-дің үшінші кездесуі өтетініне күмән жоқ

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Оскар Де ла Хойя Хьюстонда өткен бокс кешінде рингке шығып, <span>«</span>Канело<span>»</span> мен қазақстандық Геннадий Головкин арасында үшінші жекпе-жектің өткізілуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады. 

«Үшінші кездесудің өтетініне күмән жоқ. «Канело» тек мықтылармен жұдырықтасқысы келеді. Үшінші жекпе-жекте Головкинді нокаутқа жіберетініне сенімдімін», — деп мәлімдеді Оскар де ла Хойя.

Бірнеше апта бұрын Де ла Хойя Головкинмен мамыр айында жекпе-жек өткізуге қатысты келіссөздердің басталғанын мәлімдеген-ді. Алайда кейін «Канелоның» өкілдері оның 4 мамыр күні Дэниэл Джейкобспен шаршы алаңда жұдырықтасатынын жеткізді. Бұл жекпе-жектің қайда болатыны қаңтар айының соңында Невада штатының Атлетикалық комиссиясының отырысында белгілі болады.

Қазақстандық Геннадий Головкин осы жылдың сәуір-мамыр айларында шаршы алаңға оралады деп жоспарланып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или