Ислам Бозбаев: Жапонияда дзюдоның негізгі дәстүрлері туралы білімімізді тереңдете түсеміз
Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы Жапония астанасы Токиода халықаралық оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
«Қазақстан құрамасы жыл сайын Токиодағы Токай университетіне келіп, оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Мұнда дзюдоның негізгі дәстүрлері туралы білімімізді тереңдете түсеміз. Токай университетінің негізін 1942 жылы доктор Шигеоси Мацумаэ қалаған. Бұл университеттен тәлім алған әлемдік спортшылар өте көп. Атап айтар болсақ, Наохиса Такато, Машу Бейкер, Рюносуке Хага, Харука Тачимото, Аарон Вольф сынды спортшылар осы жерден түлеп ұшқан. Сондықтан, мұндағы оқу-жаттығу жиындарының біз үшін пайдасы зор екені айтпаса да түсінікті», - дейді құрама мүшесі Ислам Бозбаев.
17 қаңтарда басталған жиын 28 қаңтарға дейін жалғаспақ.
Жыл сайын өтетін жаттығу жиынына Қазақстан құрамасы сапынан Ғұсман Қырғызбаев, Мағжан Шамшадин, Бауыржан Нарбаев, Елдос Жұмақанов, Ерлан Серікжанов, Жансай Смағұлов, Ақылбек Серік, Дидар Хамза, Руслан Мұсаев, Ислам Бозбаев, Азиз Қалқаманұлы, Айбек Серікбаев, Әділхан Қозыбаев, Ерасыл Қажыбаев сынды дзюдошылар қатысуда.