Қазақ жігіті дзюдодан Моңғолияның чемпионы атанды

Қазақ жігіті дзюдодан Моңғолияның чемпионы атанды

Этникалық қазақ Серік Бердімұратұлы дзюдодан Моңғолия біріншілігіне қатысып, чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz KazNews.mn сайтына сілтеме жасап.

Моңғолия чемпионатының екінші күнінде100 келі салмақта белдескен Серік Бердімұратұлы тұғырдың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, алтын медальмен марапатталды. 

Осылайша, ол Баян-Өлгий спорт тарихында алғаш рет дзюдодан ересектер арасында Моңғолия чемпионы атанды. 

Серік Бердімұратұлы жартылай финалда 2017, 2018 жылғы ел чемпионы Г.Алтанабагананан басым түсіп, финалдық кездесуде қарсыласы Д.Цэрэннямды аяқтан іліп шалу әдісі бойынша вазари ұпайымен жеңді. 

Қазақ дзюдошысы 2014 жылы дәл осы салмақта Моңғолия біріншілігінің күміс жүлдесінe, 2017 жылы қола жүлдесіне ие болған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или