«Сен менің өлекшінімсің, Хабиб!»
Америкалық аралас жекпе-жек шебері (MMA) Тони Фергюсон Хабиб Нурмагомедов туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz
«Өзімді жақсы ұстауға тырысамын, алайда сен менің өлекшінімсің, Хабиб! Сенің соққыңнан қағаз да жыртылмайды. Командаңмен аяқты қалай алып жүруге жаттығу жасаудасың, шамасы, арт жағыңнан соққы алып қалам-ау деп қорқасың», — деді 34 жастағы Тони өзінің Twitter - парақшасында.
Сонымен қатар, америкалық UFC жанкүйерлерінің Хабибті емес, оны көбірек жақсы көретінін алға тартты.
Фергюсон мен Нурмагомедов төрт рет жұдырықтаспай қалған болатын.
2015 жылы желтоқсанда файтерлер The Ultimate Fighter 22 финалында кездесуі керек болған, алайда Хабиб жарақатына байланысты турнирді жалғастырмады.
Ал 2016 жылдың сәуірінде Фергюсонның өкпесінде ақау болды, 2017 жылы дағыстандық салмақ қууға байланысты аурухаған түсіп қалған еді.
2018 жылы тізе жарақатын алып қалған америкалық файтер кездесуді кейінге шегерген болатын.
Фергюсон 24 рет жеңіске жетіп, 3 рет жеңіліс тапқан. Нурмагомедов 27 жекпе-жек өткізіп, ешқайсысында да жеңілмеген.