Нидерландыда қазақ күресінен Еуразия кубогы өттi

Біріккен күрес әлемінің күнтізбесіндегі жарысқа Еуропадан Грузия, Голландия, Беларусь, Германия құрамалар қатысса, Азиядан Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан және Қырғызстан балуандары келді.
Командалық сында біздің балуандар өзбек жігіттерінен 3:2 есебімен басым түсіп, сосын қырғыз спортшыларын да қапы қалдырды.
Финалға берілер жолдаманы моңғол балуандарымен сарапқа салған жерлестеріміз бес салмақтың үшеуінде қарсыластарына есе жіберді. Жақсылық Мұсырманов пен Қуаныш Мұратовтың жеңісті жолын өзге жігіттер жалғастыра алмады.
Еуропа тобынан Грузия құрамасы жеңіске жетті. Финалда Моңғолиядан басым түскен грузин балуандары Еуразия кубогының иегері атанды. Қазақстан қызғалдақты елдің құрамасын ұтып, үшінші орынды қанағат қылды.