ОйланLike

Шу шығарған «миллионер» футболшылар

Шу шығарған «миллионер» футболшылар
news-banner7
mobile-news-top

Қалайсың, досым? Бұл «Ойланlike» блогының алғашқы шығарылымы. Бұл блогтың басты мақсаты – спортшылардың «косяктарын» айту. Иә, иә, дәл солай. Ал, кеттік.

Футболды миллиондар тамашалағанымен, қазақ футболының жанкүйерлеріне қарағанда қарсыластары көп-ау. Мақсатсыз жұмсалатын миллиардтар, «нервыңды» жұқартатын матчтар, көрсең жүрегің айнытатын ойындар, айта берсең кете береді. Күне бойы қорқорлатып, түнімен клубта қаңғитын футболшы-миллионлер қоғамнан өздерін алшақ ұстайды. Алайда қанша қашса да, шынайы бет-бейнесін көрсетіп қоятыны жасырын емес.

Жақында өмір бойына «екінші» атанған «Қайрат» командасының қатысуымен нашар бір жайт болды. Чемпионатта әдеттегідей «Астананы» алға жіберген алматылық команданың жалғыз мақсаты – Кубок еді. Елордада «Атырауды» жеңіп, Кубокты алған «Қайрат» Алматыға қайтқанда шу шығарыпты.

Бәрін басынан бастайық. Жеңімпаздар Астанадан Алматыға бет алған. Ұшақ бортына кірген сәтте-ақ «Air Astana» компаниясының жолсерігі микрофонмен команданы жеңісімен құттықтаған. Жеңіс буымен футболшыларымыз ащы сумен жеңістерін жууға кіріскен. Ішімдіктің ішті жылытқанынан соң футболшылар тіптен есеріп кетіпті. Ұшақтың ішінде шылым шегіп, ай-қай шумен өзге жолаушылардың мазасын алған. Алматыға келе салысымен футболшылар стюардессалармен айқайласа жөнелді. Ұшақ экипажы футболшыларды шылым шеккені үшін наразылығын білдірген. Алайда жас футболшылардың атынан бапкері сөйлеп, қолыңнан келсе дәлелдеп бер деген көрінеді. Осымен шоу аяқталады.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÐºÑÑение в ÑамолеÑе

Бір айта кетерлігі Қазақстан Кубогының финалына «Қайрат» кіл жастарын апарған еді. Қазірден бастап тәртіпке салмаса мұндай футболшылардан не пайда? ОйланLike, достар!

Түпнұсқасы: ОйланLike Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
Жазалау керек бұларды
Жауап беру
Жазалау керек бұларды
Жауап беру
Жазалау керек бұларды
Жауап беру