«Әлем Барысының» финалистері анықталды

«Әлем Барысының» финалистері анықталды

Әлем барысы-2018 чемпиоатында финалдық белдесуге Айбек Нұғымаров пен Ерсұлтан Мұзафаров шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

<span>Жартылай финалда кездескен Ресей балуаны Роман Бобиков пен қазақстандық Ерсұлтан Мұзафаровтың кездесуі көптің есінде қалары сөзсіз. Өзінен әлдеқайда алып денелі орыс балуанын отандасымыз алғашқы секундтарда-ақ біршама састырғаны анық. Көптің қолдауынан күш алған Ерсұлтан төрт мәрте әдіс қолданып, Бобиковты жартылай финалда сүріндірді. </span>

<span>Бұдан кейін Айбек Нұғымаров пен гүржі балуаны Гурам Тушишвили кездесті. Алғашқы екі бүк ұпаймен алға шыққан Тушишвили былтырғы есесін биыл қайтармаққа барын салды. Алайда 3 минут 35 секундта Айбек оны таза жеңіп, финалға шықты. </span>

<span>Еске сала кетсек, былтыр елордада өткен «Әлем барысында» дәл осы екі қарсылас финалда кездесіп, Айбек «Әлем барысы» атанған болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или