Grand Slam: Қазақстандық дзюдошылар алғашқы айналымда сүрінді
Жапонияның Осака қаласында дзюдодан жылдың қорытынды турнирін - Grand Slam додасының соңғы жарыс күні өтуде. Өкінішке қарай, бүгін татамиге шыққан балуандарымыз алысқа шапқан жоқ.
90 келідегі Ислам Бозбаев пен Азиз Қалқаманұлы жапондық спортшылардан жеңілсе, 100 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әділхан Қозыбаев грузин балуанына жол берді.
Аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев алғашқы белдесуінде ресейлік Руслан Шахбазовтан ұтылды. Осы салмақтағы Ғалымжан Қырықбай да бірінші кездесуінде қарсыласқа жол берді.
Қазақстан балуандарының ішіндегі ең жоғарғы көрсеткішке Жансай Смағұлов ие болды. Ол 73 келіде үздік бестікке енген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или