Жәмила Бақбергенова 23 жасқа дейінгі жастар арасында әлемдік сынның қоласын иеленді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЖәмила Бақбергенова Бухарестте 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz.
72 келіде сынға түскен жерлесіміз алдымен жапондық Нарухо Мацуюкиді 6:5 есебімен жеңді. Кейін АҚШ балуаны Анна Уаттерсті 6:4 есебімен тізе бүктірген Жәмила жартылай финалда сүрінді.
Ал қола медаль үшін күресте Бақбергенова үндістандық спортшыны 11:0 есебімен жеңген болатын.
Айта кетелік, бұл аталған әлем чемпионатында қазақстандықтар жеңіп алған бесінші жүлде. 55 келіде Мария Седнева, 76 келіде Гүлмарал Еркебаева үшінші орыннан көрінген еді. Сондай-ақ, грек-рим күресінің шеберлері Аманғали Бекболатов (55 келі) мен Қаһарман Қысметовтің (72 келі) еншісінде де қола медаль бар.