Күрес

Аманғали Бекболатов қола медаль үшін күреседі

Аманғали Бекболатов қола медаль үшін күреседі
news-banner7
mobile-news-top

Румынияның Бухарест қаласында бүгін күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz КҮРЕС ФЕДЕРАЦИЯСЫНА сілтеме жасап.

Жарыстың бірінші күні грек-рим күресі шеберлері 55, 63, 77, 87 және 130 келі салмақ дәрежелерінде белдесіп, финалдық бәсекеге жолдама алған балуандарды анықтады.

Қазақстандық балуандар арасында 55 келіде күрескен Аманғали Бекболатов қана қола медаль алуға мүмкіндігі бар.

Ол іріктеу кезеңінде Үндістан мен Украина балуандарын ұтқанымен, жартылай финалда реселік балуаннан жеңіліп қалды.

Енді Бекболатов қола медаль үшін Жапония және Сербия балуандарының жеңгенімен күреседі.

Түпнұсқасы: wrestling.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер