Qazsport Ташкент қаласында дзюдодан өтетін Гран Приді тікелей эфирде көрсетеді
9-11 қараша күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан Гран При өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлемнің 48 елінен 383 спортшы қатысады деп жоспарланған. Аталған әлемдік кезеңде Қазақстан намысын 21 татами шебері қорғайтын болады.
Әлемдік додада ел намысын ерлер арасынан - Бауыржан Жауынтаев (-60 кг), Ерлан Серікжанов (-66 кг), Ғұмар Қырғызбаев (-66 кг), Жансай Смағұлов (-73 кг), Ақылбек Серік (-73 кг), Дидар Хамза (-81 кг), Қажымұқан Өтеулиев (-81 кг), Ислам Бозбаев (-90 кг), Азиз Қалқаманұлы (-90 кг), Әділхан Қозыбаев (-100 кг), Айбек Серікбаев (-100 кг), Ерасыл Қажыбаев (+100 кг), Ғалымжан Қырықбай (+100 кг) қорғайтын болады.
Ал, әйелдер арасынан - Галбадрах Отгонцэцэг (-48 кг), Салтанат Сұлтанбекова (-48 кг), Севара Нишанбаева (-57 кг), Анна Казюлина (-57 кг), Иоланта Бердібекова (-63 кг), Аэлита Щербакова (-70 кг), Ажар Салықова (-70 кг), Зарина Райфова (-78 кг) бақ сынамақ.
Аталған бәсекені «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция уақыт: 9 қараша, 18:00-де.
Ал, екінші жарыс күнін 10 қараша күні «Qazsport» арнасынан 17:55-те, бәсекенің үшінші күнін 11 қараша күні, сағат 17:55-те көре аласыздар.