Қазақ боксының 85 жылдығы аталып өтті

Қазақ боксының 85 жылдығы аталып өтті
Астанада бокс қозғалысының 85 жылдық мерейтойына орай мерекелік шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның бокс федерациясына сілтеме жасап.
Бақтияр Артаев, Мерей Ақшалов, Нұржан Кәрібжанов, ағайынды Айбек пен Нұрбек Оралбай, Қанат Әбутәліп, Ләззат Күнгейбаева, Мейірім Нұрсұлтанов сынды бокстың жарық жұлдыздары жас буынның сүйікті кейіпкерлері көпшілікпен кездесіп, салиқалы сұхбат жүргізді.
«Бокс, оның ішінде бізге етене танымал болып кеткен ағылшын бокс стилінің олимпиадалық спорт ретінде тіркелуі, дамуы және бұл индустрияның тоғыз жолдың торабындағы қазақ жеріне де келуі заңдылық болатын. Сонау ел аштыққа ұшырап, жаппай коллективтендіру жүріп жатқан қиын қыстау заманда бокс спорт ретінде ұлы далаға келген. 85 жылды кейінге шегерсеңіз 1933 жылға тап боласыз», - делінген хабарламада.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или