Күрес

Нұрбақыт Теңізбаев дене шынықтыру және спорт басқармасына басшы болып тағайындалды

Нұрбақыт Теңізбаев дене шынықтыру және спорт басқармасына басшы болып тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Алматы облысы әкімінің өкіміммен Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев облыстық спорт басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

1983 жылы туған. Қазақтың спорт және туризм академиясын дене шынықтыру оқытушысы, күрес жаттықтырушысы мамандығы бойынша бітірген. Педагогика ғылымының магистрі. Грек-рим күресінің палуаны, жастар арасында әлем чемпионы (Стамбул, 2003 жыл), 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2009 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасының грек-рим күресі федерациясында спортшы-нұсқаушысы болып бастаған.

Әр жылдарда Астана қаласындағы «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК-ның грек-рим күресінен спортшы-нұсқаушы, Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «№ 12 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» МКҚК әдіскері, директордың оқыту-спорт жұмыстары бойынша орынбасары болды.

2014 жылдың 14 наурызынан - Талдықорған қаласындағы «Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ директоры.

Алматы облысы әкімінің өкімімен Тұратбек Төлеубекұлы Шарапиев зейнеткерлікке шығуына байланысты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметінен босатылды.

«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты http://www.zhetysu.gov.kz»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер