Күрес

Алматы балуандары республикалық «Жас Барыс» турнирінде өнер көрсетеді

Алматы балуандары республикалық «Жас Барыс» турнирінде өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда қазақ күресінен республикалық «Жас Барыс» турнирінің іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Жарыс оқушылар сарайының спорт кешенінде әр түрлі салмақ және үш жас айырмашылығы бойынша өтті: жас жасөспірімдер 2003-2004, жасөспірімдер 2001-2002 және жастар 1998-2000 жж.

Боз кілем бәсекесінде 200-ден астам жас палуандары өзара мықтыны анықтап, тартысты күрес көрсете білді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Almaty qazaq kuresi» клубы ұйымдастырушыларынан медалдар және дипломдармен марапатталды.

Енді өз салмақтарында жеңімпаз атанған спортшылар Алматы қаласының атынан Щучинскте қарашаның 23-і мен 26-і күндері өтетін республикалық «Жас Барыс» турнирінде өнер көрсетеді.

Назарларыңызға жеңімпаздар тізімін ұсынамыз:

2003-2004: Дінмұхамбет Шәкіров (38 кг), Мағжан Қияс (42 кг), Шыңғыс Қайырхан (46 кг), Мирас Шәкеров (50 кг), Хангелді Ергешов (55 кг), Ғалымжан Тойбаев (60 кг), Ақсұлтан Нұржақыпов (66 кг), Бекжан Еділбеков (73 кг), Шыңғыс Серіков (73 кг).

2001-2002: Мәди Тлеубаев (46 кг), Арафат Әділхан (51 кг), Ерлан Бақытбек (64 кг), Эльдар Ақылжан (72 кг), Зеиналиев К (81 кг), Ерсұлтан Жорабек (+81 кг).

1998-2000: Роллан Қабаев (55 кг), Жомарт Әмірали (60 кг), Нұрболат Шайхиев (66 кг), Ерсұлтан Болат (74 кг), Жанболат Тұрғанбеков (82 кг), Асхат Ғаппар (90 кг), Айбек Изтлеуов (100 кг), Нұрбол Жаппар (+100 кг).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер