Күрес

Алматы палуандары республикалық "Жас барыс" турнирінде өнер көрсетеді

Алматы палуандары республикалық "Жас барыс" турнирінде өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда қазақ күресінен республикалық «Жас Барыс» турнирінің іріктеу кезеңі өтті, деп ақпараттық және спорттыө ХАБ хабарлайды.


Жарыс оқушылар сарайының спорт кешенінде әр түрлі салмақ және үш жас айырмашылығы бойынша өтті: жас жасөспірімдер 2003-2004, жасөспірімдер 2001-2002 және жастар 1998-2000 жж.

Боз кілем бәсекесінде 200-ден астам жас палуандары өзара мықтыны анықтап, тартысты күрес көрсете білді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Almaty qazaq kuresi» клубы ұйымдастырушыларынан медалдар және дипломдармен марапатталды.

Енді өз салмақтарында жеңімпаз атанған спортшылар Алматы қаласының атынан Щучинскте қарашаның 23-і мен 26-і күндері өтетін республикалық «Жас Барыс» турнирінде өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер