Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтеді
<span>
</span>
<span>13-16 қараша күндері Астанада қаласында «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді, деп хабарлайды дзюдо федерациясының ресми сайты.</span>
<span>Чемпионатқа еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 500-ге жуық дзюдошы қатысады. Жарыс нәтижесінде Қазақстан Чемпионатында жеңімпаз атанған спортшылардан 2019 жылғы дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрама командасы жасақталады. Астанада өтетін Қазақстан чемпионатын «QazSport» арнасы көрсетеді.</span>
Назарларыңызға Қазақстан Республикасының Чемпионатының жарыс кестесін ұсынамыз:
13 қараша
10:00 – жарыстың басталуы
Ерлер: -60 келі, -66;
Әйелдер: -48, -52;
16:00 – Жарыстың ашылу салтанаты
16:30 – Финалдық белдесулер
14 қараша
10:00 – жарыстың басталуы
Ерлер: -73 келі,-81;
Әйелдер: -57, -63, -70;
16:00 – Финалдық белдесулер
15 қараша
10:00 – жарыстың басталуы
Ерлер: -90 келі, -100, +100;
Әйелдер: -78, +78;
16:00 – Финалдық белдесулер
16 қараша
10:00 – жарыстың басталуы
Аралас командалық сайыстар
-57 келі, -70 , +70 , -73, -90, +90;