МакГрегордің бапкері Нурмагомедовті қолдайды
Аралас жекпе-жек шебері Конор МакГрегордің бапкері Джон Кавана PowerfulJRE Youtube каналына берген сұқбатында Хабиб Нурмагомедов туралы айтты. <span> </span>
«Невада спорттық комисиясы Хабибті жазаламайды деген ойдамын. Конормен болатын алдағы реванш үшін айтып отырғаным жоқ, маған ресейліктің жекпе-жек стилі ұнайды. Оның октогоннан секіріп шығуы - бұл ақыр заман емес, мен оны түсінемін, дұрыс істеді деп те ойлаймын. Бірақ, оның командадағы жолдастарының қылығын құптамаймын», — деді бапкер.
<span>Естеріңізге сала кетейік, Нурмагомедовтің спорттық мәдениетке жатпайтын бұл қылығы үшін UFC басшысы ресейлік файтерді чемпиондық белбеуінен айырмады. Алайда, Нурмагомедов 250 000 доллар көлемінде айыппұл төлейді және жекпе-жектен 6 айға шеттетілді.</span>