Маргарита Гриценко мен Бекарыс Сәдуақас Олимпиаданың финалына өтті

Маргарита Гриценко мен Бекарыс Сәдуақас Олимпиаданың финалына өтті

Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық екі дзюдошы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz порталына сілтеме жасап. 

78 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Маргарита Гриценко жартылай финалда Маргарита чехиялық Эстер Свободовадан басым түсті. 

100 келіге дейінгі салмақта Бекарыс Сәдуақас Иран өкілін жеңген болатын. Жартылай финалда венгриялық Зомбор Вегтен де айласын асырған жерлесіміз финалда күреседі. 

Осылайша, екі спортшы да Қазақстанға жүлде сыйламақшы. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или